26 ақпан 2022 14:30

Теміртау судьяларының әрекетінде әдеп бұзу деректері анықталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/shayakhmetova.work Фото:facebook.com/shayakhmetova.work

Қарағандыда судья Айжан Шаяхметова мен Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашевқа қатысты қызметтік тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда судья Айжан Шаяхметова мен Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашевқа қатысты қызметтік тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судьялар одағының Қарағанды облыстық филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясы, Қарағанды облыстық соты төрағасының міндетін атқарушының ұсынысын және Теміртау қалалық сотының төрағасы Талғат Амрашев пен осы соттың судьясы Айжан Шаяхметоваға қатысты Жоғарғы Соттың қауіпсіздік қызметін тексеру материалдарын қарады.

"Комиссия судьялардың Судья әдебі кодексін бұзу дерегін мойындап, судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін материалдарды Сот алқасына жіберу туралы шешім қабылдады.

Жоғарыда аталған тұлғалар бұл шешімді Қазақстан Республикасы Судьялар одағының орталық кеңесіне даулауға құқылы", - деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети