31 мамыр 2021 10:13

Теміртауда 2 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мүшелері үш жыл ішінде 2 миллиард теңгеге жуық соманы қолма-қол ақшаға айналдырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"6 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Теміртауда жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру арқылы адал емес салық төлеушілерге салық төлеуден жалтаруға көмектесу мақсатымен қызмет еткен.

Осы мақсатта 8 жалған фирма ашылған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде шамамен 200 миллион теңге көлемінде залал келтірілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды, топтың ұйымдастырушысы және сыбайластарының бірі қамауға алынғаны мәлім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети