05 сәуір 2015 13:59

Теміртауда түнгі клубтағы төбелестен бір адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Kudago.com @Kudago.com

Теміртауда түнгі клубқа келушілер мен ғимарат күзетшілері арасында шыққан жанжалдан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайлы Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқиға 5 сәуірге қараған түні болды. Түнгі клубтың аты мен жанжалдың болған жері айтылған жоқ.

Полицейлердің мәліметінше, жанжал кезінде травмат қаруы қолданылған. Нәтижесінде ғимараттың күзетшісі мен келуші жарақат алды. Түнгі клубқа келуші "жедел жәрдем" көлігінде ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырды.

Жанжалға қатысқандар түгелі ұсталды. Теміртаудағы түнгі клуб жұмысын жалғастыруда. Жанжалдың себебі анықталған жоқ. Қазір құқық қорғау органдары "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай бір жыл бұрын Петропавлда болған еді. Ол кезде де атыс кезінде түнгі клубқа келуші қаза тапқан. Оны басынан "Оса" қаруымен атқан. Одан бөлек екі адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген. Болған оқиға бойынша "Кісі өлтіру" және "Бұзақылық" баптарына сай қылмыстық іс қозғалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети