25 қаңтар 2017 | 18:36

Темірұлан Диханбаевтың өліміне оны ұрған оқушының кінәсі бары анықталды - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темірұлан Диханбаевтың өліміне оны ұрған оқушының кінәсі бары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Темірұлан Диханбаевтың өліміне оны ұрған оқушының кінәсі бары анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өткен жылы 30 қарашакүні Астана қаласындағы №59 мектепте қайғылы оқиға болды. Мұғалім жоқ кезде өзара келіспей қалған сегізінші сынып оқушысы өз сыныптасын бірнеше рет ұрып жіберген. Соның салдарынан оқушы есінен танып қалып, көп өтпей қаза тапқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында қажетті сот сараптамалары жүргізілді. Нәтижесінде Темірұлан Диханбаевтың өліміне оны ұрған оқушының кінәсі бары анықталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ауыр қылмыс жасағандар қолданыстағы заңға сәйкес 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылады. Күдікті құқықбұзушылық жасаған кезде 14 жасқа толмаған. Сондықтан оған қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылады екен.

Сонымен бірге, тергеу барысында мұғалімдер мен медициналық қызметкерлердің кінәсі бар-жоғын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр, деп түсіндірді Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Ал осыған дейін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанада №59 мектеп-лицейде оқыған Темірұлан Диханбаевтың өліміне қатысы бар делінген оқушыға қатысты тергеудің аяқталатынын мәлімдеген еді.

"Қайтыс болған 8-сынып оқушысының өліміне қатысты сараптаманы алдық, енді қазір шешім қабылдаймыз. Әрине, осы өлімге қатысы бар делінген балаға қатысты тергеу аяқталады, бірақ мұғалімдерге қатысты не істейтінімізді көреміз, тексеріс жүргізіп жатырмыз", - деді министр Мәжіліс ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 қарашасында Т. Диханбаевтың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. "2016 жылы 30 қарашада Астананың №59 мектеп-лицейінде, бесінші сабақтың соңында (шамамен 12:12-де) 28.04.2002 жылғы 8 "Ж" сыныбының оқушысы өзін нашар сезінген. Мұғалім дереу мектептің медициналық қызметкерін шақырған. Жедел жәрдем келгенше балаға қолдан дем алдыру жасаған. 25 минуттың ішінде жедел жәрдем келіп, өз кезегінде жансақтау шараларын жалғастырған. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала болжам бойынша диагнозы: жүрек жеткіліксіздігі", - деген еді Астана қаласының Денсаулық басқармасының басшысы Қасымхан Серғазиев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети