16 тамыз 2021 11:52

Теңіз портында фельдшер шекарадан өтетіндерге жалған ПТР-анықтама жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Полиция Құрық теңіз портында (Маңғыстау облысы) мемлекеттік шекарадан өтетіндерге қолдан ПТР-анықтама жасаған 21 жастағы фельдшердің әрекетін әшкереледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция Құрық теңіз портында (Маңғыстау облысы) мемлекеттік шекарадан өтетіндерге қолдан ПТР-анықтама жасаған 21 жастағы фельдшердің әрекетін әшкереледі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ІІМ Тергеу департаментінің Әскери тергеу басқармасы Құрық теңіз порты арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға ПТР-сынамасы нәтижесін қолдан жасау дерегін анықтап, тоқтатты. Дерек бойынша Маңғыстау облысы тұрғындары анықталған.

Теңіз портында фельдшер болып жұмыс жасайтын 21 жастағы жергілікті тұрғын сыбайластарының көмегімен Қазақстан аумағынан кететін және Қазақстан аумағына кіретін жолаушыларға ПТР нәтижесін бұрмалап, қолдан жасағаны анықталды", - деді Ораз ІІМ брифингінде.

Оның айтуынша, жалған анықтама бағасы 3мың теңгеден 10 мың теңгеге дейін болған.

"Тұрғылықты жерде жүргізілген тергеу әрекеттері кезінде күдіктілерден 48 жалған ПТР-сынамасы, ноутбук, принтер және құжаттарды рәсімдеу үшін пайдаланылған басқа да кеңсе жабдықтары тәркіленді", - деді Нұрділдә Ораз.

Ол жалған құжат дайындағаны үшін қылмыстық жауапкершілікте 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылғанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети