Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

ТМРА басшысы қыркүйекке дейін қамауда отырады

08 Шілде 2014, 17:06
0
Мұрат Оспанов. ©Pm.kz
Мұрат Оспанов. ©Pm.kz

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов қыркүйек айына дейін қамауда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотына сілтеме жасап.

Оспановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс материалдарына қарағанда, оған екі айға, 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тұтқындау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Шенеунікке ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-бөлігі бойынша ("Аса ірі көлемде пара алу") айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеумен бірге 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Еске сала кетейік, 2 шілде күні қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты 200 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұстағанын хабарлаған болатын. Кейін Оспанов алған пара көлемі нақтыланды - ол табиғи монополиялар субъектісіне қорған болу үшін 300 мың доллар алған. 3 шілде күні Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты агенттік төрағасын тұтқындауға санкция берді. Кейбір ақпарат агенттіктері оның тұтқындалғаннан кейін мемлекеттік органдар ресми блог-платформасы оқырмандарының сауалдарына жауап бергенін хабарлады. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай