14 шілде 2014 | 14:10

Төрт баласын сатқан әйел сегіз жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Krestianin.ru ©Krestianin.ru

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты төрт баласын сатқан Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты төрт баласын сатқан Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Оны және бала сатып алушыларды іздестірген ауылдық амбулатория медбикесі Қылмыстық кодекстің "Жасөспірімдерді саудалау" бабы бойынша сегіз жылға сотталды", - деп хабарлады сот кеңсесінің өкілдері.

Сонымен бірге, бала сатып алған үш әйел жеті жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін 27 жастағы жұмыссыз әйелдің бірнеше жыл ішінде өз балаларын түрлі адамдарға сатып жібергені хабарланған болатын.

7 жастағы қызын ол 30 мың теңгеге, төрт және бес жастағы екі ұлын 30 және 40 мың теңгеден, ал екі жасар қызын 120 мың теңгеге сатып жіберген. Үлкен қызын сатып алған әйел оны шешесіне қайтарған, әйел оны бұрынғы күйеуінің ата-анасына берген. Ұлдарының бірін де сатып алушылар шешесіне қайтарып берген, әйел оны басқа біреуге 60 мың теңгеге қайта сатқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети