Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 311.59
EUR / KZT - 349.39
CNY / KZT - 45.41
RUB / KZT - 5.50

ОҚО тұрғыны өзінің төрт баласын сатып жіберген

29 Қаңтар 2014, 16:24
0
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Оңтүстік Қазақстан облысында көп балалы ана мен медбике бала сатумен айналысқаны үшін қамауға алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"27 жастағы жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған балаларын саудаға салған. Ол мұны Сарыағаш ауданының Күркелес ауылындағы фельдшерлік-акушерлік емханада істейтін мейірбикенің көмегі арқылы жүзеге асырған. Ішкі істер департаментінің қызметкерлері мұны шұғыл-тергеу іс-шарасы барысында анықтады",- деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Сарыағаш ауданының прокуроры Хали Маматаев.

Оның айтуынша, басында баспанасы жоқ, жұмыссыз әйел бірнеше жылдан бері өзінің балаларын түрлі адамдарға сатқан.

Осылайша ол жеті жасар қызын 30 мың теңгеге, төрт және бес жасар екі баласын 30 бен 40 мың теңгеге, сонымен бірге екі жасар қызын 120 мың теңгеге сатып жіберген. Осы ретте үлкен қызын сатып алған әйел арада көп уақыт өтпей баласын қайтарып берген. "Алайда қыздың шешесі оны бұрынғы күйеуінің ата-анасына жіберген", дейді прокурор.

Бұдан басқа, сатылған екі баланың бірі тағы да анасына қайтарылған. Бірақ қайырымсыз шеше оны акушер әйел екеуі екінші рет сатып жіберген, бұл жолы 60 мың теңге олжалаған. "Қазіргі таңда бір сәби өзінің атасы мен әжесінің қолында, тағы бір перзентін іздеп тауып, оны балалар үйіне жайғастырдық, ал қалған екі баланы іздестіру жалғастырылып жатыр".- дейді прокурор Маматаев.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай