12 наурыз 2021 18:06

Toyota Camry және Land Cruiser Prado көлігін алған: экс-полицей 5 жылға бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Түркістан облыстық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Toyota Camry және Toyota Land Cruiser Prado көлігін алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облыстық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Toyota Camry және Toyota Land Cruiser Prado көлігін алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"10 наурызда Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты үкімімен Түркістан облысы полициясының қылмыстарды анықтау бөлімінің бұрынғы бастығы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық жолмен алынған мүлік тәркіленді", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров брифингте.

Экс-полицейге өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Антикор мәліметіне сүйенсек, Дүйсембиев жалпы сомасы 158 миллион теңге болатын Toyota Camry және Toyota Land Cruiser Prado маркалы көлікті алаяқтық жолмен сенімге кіру арқылы иемденген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети