Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Цукерберг пен әйелі зорлық жасады деп айыпталды - БАҚ 27 қазан 2021, 15:16

Facebook басшысы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чанның бұрынғы қызметкерлері ерлі-зайыпты жыныстық зорлық жасады деп сотқа шағымданды,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Facebook басшысы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чанның бұрынғы қызметкерлері ерлі-зайыпты жыныстық зорлық жасады деп сотқа шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

NBC телеарнасының хабарлауынша, 2017 жылдан 2019 жылға дейін Джон Доу үй шаруасын басқарушы ретінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, Миа Кинг 2018 жылдан 2019 жылға дейін Limitless Specialty Services LLC компаниясында жұмыс істеген. Ол ерлі-зайыптының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

Отбасы мүшесі Бен ЛаБолт айыптауды жоққа шығарып, дәлелдеу мүмкін емес екенін айтты.

"Отбасылық кеңседе жұмыс істейтін мамандармен мақтанамыз. Әріптестерімізді әділетсіз қорлаған айыптаулар сәтсіз болатынына сенеміз", - деді ол.

Телеарнаның хабарлауынша, қазір сот іс бойынша ешқандай тыңдалым тағайындаған жоқ. 

Айта кетейік, Facebook кейінгі кезде қатты қысымға ұшыраған еді. Бұған дейін компанияның бұрынғы қызметкері Wall Street Journal-да ашылған мақалалардың негізі болатын, корпорацияда жүргізілген зерттеулердің көшірмелерін сақтаған. Хауген әлеуметтік желіні арандатушы мазмұнды әдейі таратып отыр деп айыптаған.

Марк Цукерберг өз кезегінде Facebook-тің ішкі қызметі туралы бұрынғы қызметкерлерінің жариялаған мәліметтері компанияның жалған бейнесін жасаудың келісілген әрекеті екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram