13 наурыз 2015 18:13

Түнгі клубта төбелестен қаза болған жігіттің туыстары оқиғаны баяндап берді

Алматы клубындағы төбелес үшін ұсталған Александр Кузнецов. Бейнебақылау камерасынан алынған кадр.

"Чукотка" түнгі клубының маңында болған төбелестен қаза тапқан Сырым Мұратқалиевтің туыстары оқиға туралы өз нұсқаларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, бұған дейін оқиғаға үш адамның қатысқаны хабарланған болатын. Екі адам жанжал шығарған үшінші бір адамға пышақ ала жүгірген. Алайда Мұратқалиевтің туыстары мұны жоққа шығарып отыр. Жәбірленуші тарап түнгі клубтың камерасына жазылған таспаны көрсетті, онда: Мұратқалиев, оның әріптесі Евгений Фролов пен төбелес үшін ұсталған Александр Кузнецовтың бұл оқиғаға қатысқаны көрініп тұр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram