Тұңғыш ұлым мені жақсы көреді - Өлтірілген егіз баланың шешесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұңғыш ұлым мені жақсы көреді - Өлтірілген егіз баланың шешесі

Алматыда өлтірілген егіз баланың шешесі Алла Волченко сот залында тұңғыш ұлының оны жақсы көретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда өлтірілген егіз баланың шешесі Алла Волченко сот залында тұңғыш ұлының оны жақсы көретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Айта кетейік, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі баланың өлтіріліп, тоңазытқышқа салғандарға қатысты басты сот отырысы өтіп жатыр. Процесте судья Ерлан Болатов төрағалық етуде.

Сотталушы ретінде қаза тапқан балалардың ата-анасы отыр, олар Өзбекстанның 29 жастағы азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы қазақстандық Алла Волченко.

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 1, 3 және 7-пункттері ("Адам өлтіру") және 119-бабы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша айыпталып отыр.

"Сіздерден кәмелетке толмаған ұлым Равиль Гильмутдиновтің менен қорқатынын немесе қорықпайтынын анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындауды сұраймын. Мен туралы мінездемені іске қоссаңыздар деймін. Әрмен қарай мені ата-ана құқығынан айыруға қарсы өтініш жазғым келеді және мен тұңғышымды да, өлтірілген қалған балаларымды да жақсы көрдім", - деді Алла Волченко сот залында. 

Судья өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, іс материалын зерттеуге көшті.

Мұның алдында Волченко сотта балаларын үш күн іздегенін мәлімдеген болатын.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети