Турагелдиевтің әкесі премьер-министрдің кеңсесіндегі қызметінен кететін болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қуаныш Турагелдиевтің адвокаты Асқар Үсенбаев Қуаныш Турагелдиевтің адвокаты Асқар Үсенбаев

Астананың сауда және ойын-сауық кешендерінің бірінің кинотеатрында сатушы қызды тепкен Қуаныш Турагелдиевтің әкесі Болат Турагелдиев Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінің қызметкері қызметінен кету туралы арыз берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қуаныш Турагелдиевтің адвокаты Асқар Үсенбаев хабарлады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астананың сауда және ойын-сауық кешендерінің бірінің кинотеатрында сатушы қызды тепкен Қуаныш Турагелдиевтің әкесі Болат Турагелдиев Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінің қызметкері қызметінен кету туралы арыз берді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қуаныш Турагелдиевтің адвокаты Асқар Үсенбаев хабарлады.

Ол Қуаныш Турагелдиевтің өз ісіне өкінетінін және кешірім сұрайтынын мәлімдеді.

"Қуаныш Турагелдиев бұл қылмыстық істе менің қорғауымда. Оқиға "Сарыарқа" сауда орталығындағы кинотеатрда болды. Қуаныш өз ісін сөгеді, ісіне өкінеді, бұл құқықбұзушылықта өз кінәсін мойындады. Ол татуласуға дайын. Ол жәбірленушіден кешірім сұрайды. Қазіргі уақытта ол Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторында", - деді адвокат.

Tengrinews.kz тілшісінің "Интернетте Қуаныштың Қазақстанның премьер-министрінің кеңсесінің бас инспекторы болып қызмет ететін Болат Турагелдиевтің баласы деген мәлімет жүр, бұл тергеу барысына әсерін тигізе ме?" деген сұрағына былай деп жауап берді: 

"Иә, ол Болат Турагелдиевтің баласы. Бәріңіз білетіндей, әкесі баласының ісіне жауап бермейді. Алайда қоғамның бұл іске қаншалықты назар аударып отырғанын назарға ала отырып, өзінің моральдық-этикалық ұстанымына байланысты ол (Болат Турагелдиев - Авт.) қазіргі уақытта қызметтен кету туралы арыз жазды. Сонымен қатар, менің қорғауымдағы адамның туыстары балаларының ісіне кешірім сұрайды. Олар жәбірленуші тарапқа хабарласқысы келеді, бірақ оларды таба алмай жүр. Туыстарының тарапынан тергеу барысына қандай да бір қысым көрсетіліп жатқан жоқ".

Еске салайық, осыған дейін Астана қалалық аймақтық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 14 қыркүйекте ІІД жедел басқарма орталығының 102 қызметінің пультіне 21 жастағы қыз хабар беріп, елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда шу шығарып, дене жарақатын салғанын мәлімдегені хабарланған еді. Айта кетейік, бұл оқиғаның видеосы 14 қыркүйекте таралған болатын. Кейін күдікті ұсталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.2  course up  594.5  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro