Түркия азаматы Астанада алаяқтығы үшін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия азаматы Астанада алаяқтығы үшін ұсталды ©РИА Новости

Астанада Түркия азаматы алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Түркия азаматы алаяқтық жасағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана тұрғыны полицияға өткен жылдың шілде айында қаланың сауда-ойын-сауық кешендерінің бірінде таныс ер адам оның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 32 мың АҚШ долларын алып кеткені туралы арызданды", - деп хабарлады полиция.

Олардың мәліметінше, алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанға құрылыс жұмыстарының өндірісі үшін келген. 1977 жылы туылған Түркия азаматы шұғыл-іздестіру шарасы барысында ұсталды. Полиция оған қатысты "Аса ірі көлемдегі алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азамат қазір Астана қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторында отыр.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға 15 ақпанда Астанада болды. Көліктегі ішкі істер департаментінің қызметкерлері Астана әуежайында Түркия Интерполы алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жариялаған азаматты ұстады. Ол Астана - Мәскеу рейсінің төлқұжат бақылауы кезінде қолға түсті. Қазіргі уақытта түрік азаматы Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол жақын арада еліне экстрадицияланады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети