Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Түркия Интерполы іздеу жариялаған адам Астанада ұсталды

16 Ақпан 2015, 14:53
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Астана әуежайында Түркия Интерполы халықаралық іздеу жариялаған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркияның 65 жастағы азаматын 15 ақпан күні Астана халықаралық әуежайындағы желілік ішкі істер қызметкерлері Астана - Мәскеу рейсінің төлқұжат бақылауы кезінде ұстады. "Тексеру барысында Түркия азаматының Түркияда алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүргені, оған "қамауға алу" бұлтартпау шарасы белгіленгені анықталды, іздеуге Түркия Интерполы мұрындық болды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта түрік азаматы Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторында отыр, кейін еліне экстрадицияланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада іздеу жарияланған алты қылмыскердің ұсталғаны хабарланған болатын. Олардың арасында шетел азаматтары да бар. Айталық, Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде Өзбекстанның 1978 жылы туған азаматы қолға түсті. Көші-қон полициясы қызметкерлерінің мәліметінше, ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасын ешқандай құжатсыз, яғни қасақана заңсыз кесіп өткен. Сондай-ақ "Құқық тәртібі" шарасы барысында криминалдық полиция басқармасының мамандары Қырғызстан азаматшасын да ұстады. Оған Бішкекте алаяқтық және жалған құжат жасау сияқты қылмыстары үшін іздеу жарияланған. "Тергеу изоляторына қамалған әйел жуық арада экстрадициялануы мүмкін", - деп хабарлады сол кезде Астана ІІД баспасөз қызметі. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай