12 сәуір 2022 15:41

Түркістан облысында жалған доллар сатқан тұрғын ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/@afm_rk Видео кадры/@afm_rk

Түркістан облысында жалған доллар сатқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында жалған доллар сатқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан облысының тұрғыны жалған доллар сатқан. Ол 100 долларлық банкноттағы 9300 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалған ақшаны сату кезінде әшкереленді.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, ҚМА жалған банкноттар туралы +7 7172 708 478 сенім телефонына хабарлауға шақырды. Ведомство мәліметінше, жалған ақшаны анықтау қылмыс саналмайды, алайда мұндай банкнотты өткізу бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети