24 маусым 2020 10:02

Түркістан облысында жасөспірімдер пышақтасты: бір бала жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында жасөспірімдер пышақтасқан. Салдарынан бір бала жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында жасөспірімдер пышақтасқан. Салдарынан бір бала жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілердің айтуына қарағанда, жарақат алған бала жеткізілген ауруханадан хабарлама түскен.

"Тергеушілер Кентауға қарасты ауылдардың бірінде 22 маусымда екі жасөспірімнің арасында төбелес болғанын анықтады. Сол кезде біреуі пышақпен жарақаттаған. Салдарынан кәмелет жасына толмаған бала аудандық ауруханаға жеткізілген. Бұдан басқа төбелескен балалар болған жағдайды жасыруға тырысқан", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 24-99-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте төбелес салдарынан 17 жастағы бала қаза болғаны хабарланды. Кейін күдіктіге іздеу салынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети