14 шілде 2023 09:42

Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыз өлі табылды: күдікті ұсталған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында полицейлер бес жасар қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында полицейлер бес жасар қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адам 2018 жылы туған қызды өлтіріп, ұсталғанын хабарлады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысыты пікір білдірді.

"13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты", - делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелген. Сараптама тағайындалып, соталды тергеу жүргізіліп жатқыны айтылды.

"Күдікті қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр. Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы, облыс прокуроры, жедел тергеу тобы мен мен құзырлы органдар барды", - делінген хабарламада.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети