07 ақпан 2023 15:47

Түркістан облысында жоғары лауазымды полицей ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары - полиция полковнигіне қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ол полиция бөлімінде алаяқтық дерегі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 миллион теңге мөлшерінде ақша алды деген күдікке ілінді", - делінген ведомство хабарламасында.

Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты тергеу соты санкциясымен лауазымды тұлғаға "үйқамақ" бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети