15 қараша 2019 09:46

Түркістан облысында қараусыз жүрген жылқыларды сатып жібергендер ұсталды

© Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында полицейлер қараусыз жүрген жылқыларды иемденіп, арзан бағаға сатып жіберген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейлер қараусыз жүрген жылқыларды иемденіп, арзан бағаға сатып жіберген күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1,5 миллион асады теңгеден асады. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркелді.

Реклама
Реклама

"Арызданушының да жағдайы осындай. Сондықтан қалалық полицейлер жылқыларды жымқырғандарды табу мақсатында тез арада іске кірісті. Білікті де тәжірибелі полицейлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Жылқылардың жоғалған жерлерін, оған жақын аймақтарды аралап шықты, көрген-білгендерден сұрастырды. Өзі кішкене ғана ауыл болғандықтан, кіріп-шыққан көліктер жайлы да тың ақпараттар пайда болды. Соның нәтижесінде, мал сатып алумен айналысатын азаматтардың көліктері кіріп-шыққаны белгілі болды.

Содан, кешке дейінгі уақытта кәсіби шеберлікпен қызмет атқарған полицейлер, көлікті мемлекеттік нөмірі арқылы Бәйдібек ауданынан тапты. Мал сатып алушылардан жылқылар алынып, заңды иесіне қайтарылды", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Тергеу барысында ауылда мал бағумен айналысатын 2 жеке кәсіпкер, өздерінің жайылымдарына кіріп кетіп, жүгенсіз жүрген жылқылардан құтылмақ болып, мал сатып алушылармен келісіп, 4 жылқыны әр қайсысын небары 150 000 теңгеден сатып жібергені анықталды. Күдіктілер ұсталды. Алайда жәбірленушінің кешірім беру салдарынан қылмыстық іс қысқартылды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram