16 шілде 2019 12:35

Түркістан облысында мал ұрламақ болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар мал ұрлығы бойынша арыз жазған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар мал ұрлығы бойынша арыз жазған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арызданушы тұрғынның бірі, түнгі мезгілде ауласына жасырын кірген ұрылар 1 бас бұқашығын ұрламақ болғанын көріп, жарық жағып, шығып қалғандықтан ұрылар ойын жүзеге асыра алмай қашып кеткенін жеткізсе, келесі тұрғын дәл сол күні бір сағаттан кейін, 2 жасар танасын ұрлатып алғандығын көрсетеді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі - 180 мың теңге. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жәбірленушінің екеуі де күдіктілерді көріп қалғандықтан, өздері көрген адамды сипаттап береді. Мал ұрлығының ізін суытпай ашу мақсатында, аудандық полицейлер барлық қажетті шараларды жүргізген. Жақын маңдағы ауылдарда іздестіру шараларын жүргізіп, жәбірленушілердің жауабына байланысты күдікті ретінде екі бірдей жергілікті тұрғындарды ұстады", - делінген хабарламада.

Сонымен күдікті ретінде ұсталған азаматтар өздерінің әрекетімен адамдар тобы болып алдын ала сөз байласуы бойынша, мал қораға заңсыз кіріп, бірнеше рет ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып ҚР ҚК-нің 188-бабында көрсетілген  қылмысты жасаған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Полицейлердің анықтауынша, күдіктілер бұрын да сотты болған және тергеу барысында, бұдан өзге тағы 4 ұрлыққа қатыстылығы анықталды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға шаруашылық қорасынан мал ұрлаудың қылмыстық жазасы қатаң болатын  ескертеді. Сондай-ақ, қора-жайларыңызды мықты етіп бекітіп, мүмкіндігінше дабылқаққыштар орнату керек. Төрт-түлігіңізге ен-таңбаларын уақытылы орнатып отыру керек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети