26 қараша 2021 14:49

Түркістан облысында оқушыларға ноутбук алу кезінде 2,5 миллиард теңге жымқырылған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Түркістан облысында қашықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу кезінде 2,5 миллиард теңгеден аса сома жымқырылған деген дерек анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында қашықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу кезінде 2,5 миллиард теңгеден аса сома жымқырылған деген дерек анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет "Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған" бағдарламасы аясында пандемия кезінде мектеп оқушыларын қашықтан оқыту үшін ноутбук сатып алуға қаржы бөлгені айтылған еді.

"МТ-Сервис" ЖШС директоры Түркістан облысы әкімдігінің "Адам әлеуетін дамыту басқармасы" ММ-мен жалпы сомасы 3,4 миллиард теңгеден асатын қаржыға 21 мың ноутбук жеткізуге келісімшарт жасады. Бұл ретте 2,5 миллиард теңгеден аса сомаға жеткізілген тауар тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеді", - делінген хабарламада.

Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша "МТ-Сервис" ЖШС басшысы мен облыс әкімдігінің Адами әлеуетті дамыту басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Қазіргі уақытта кәсіпорын директоры Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес қамауға алынып, тергеу соты оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды", - деді ҚМА баспасөз қызметі өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Наурыздың аяғында Солтүстік Қазақстан облысында Білім басқармасының қызметкерлері үкіметтің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына арналған резерв есебінен сатып алынған ноутбуктарды ұрлады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Мемлекетке келтірілген залал 12 миллион теңгеден асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети