10 желтоқсан 2020 09:24

Түркістан облысында полицейлерден қашып, мерт болған ер адамның өліміне қатысты деректер шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейлерден қашқан ер адамның мәйіті өзен бойынан табылды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 


Түркістан облысында полицейлерден қашқан ер адамның мәйіті өзен бойынан табылды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Оқиға Түлкібас ауданында болған. 23 қараша кешкі уақытта бес баланың әкесі Ілияс Мұстафаев үйіне қайтып бара жатқан. Жолда ол полицейлерді кездестірген. Олар Мұстафаевтан құжаттарын көрсетуін сұрағаннан кейін ер адам қаша бастаған. Келесі күні оның денесі өзен бойынан табылған. 

Марқұмның туыстары ресми құжатты жоққа шығарды. Мәйітхана берген қағазда марқұмның кеудесі соғылғанын, денесінде көп жарақаты бар екені анық жазылған екен. 

"Ол мына жерде жатты. Мына жақтың бәрі қан еді. Іле-шала ішін ұстап көрсем, әлі жылы болатын. Яғни сол кезде өлгеніне көп болмаған . Полиция қуғаннан соң болып отыр. Олар қумаса өлмес еді", - дейді марқұмның әйелі Рая Мұстафаева. 

Полицияның мәліметінше, Ілияс Мұстафаев қыр басымен жүгіріп келіп құздан құлаған. Сөйтіп жанымен тасқа құлаған. Полицейлердің сөзінше, 50 жастағы ер адам бұл кезде мас болған. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, Ілияс Мұстафаев орнынан тұрып өзен бойын жағалап 100 метрдей жерге барып құлаған.

Ауданның бас полицейі сол күнгі оқиғаны өз көзімен көргендей суреттеп бергенімен, камера алдында сұхбат беруден бас тартқан. Ал марқұмның туыстарының сөзінше, бұл істің күмәнді тұсы көп. Яғни Ілиястың жанында болған Владислав есімді ер адамды тауып сөйлескен. Бірақ ол өзен бойында не болғанын жасырып отыр екен.

"Ағамның өлгенін білесің бе?" деп едім, ол қос қолын басына ұстап, "мүмкін емес" деп жылап жіберді. Яғни тәртіп сақшыларының көлігінде отырып бірдеңе көрген. Екіншіден, полицейлер Владиславқа ауданнан "ізіңді суыт" деп кеңес беріпті", - дейді марқұмның інісі Эфенди Мұстафаев. 

Владислав расында ауданнан кетіп қалған. Ал ер адамның жұмбақ өлімінен кейін Түлкібас ауданының орталығына облыстық департамент бастығы арнайы келген. Генералдың пәрменімен қайтадан жан-жақты сараптама тағайындалып, енді бұл іспен облыстың тергеушілері айналысатын болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети