18 қазан 2022 09:33

Түркістан облысында тапанша алып жүрген ер адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында тұрғыннан травматикалық қару мен оқтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында тұрғыннан травматикалық қару мен оқтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғын өзімен қару алып жүруі мүмкін деген хабарлама келген.

"Ақпарат алысымен Түркістан облысы ПД ҰҚҚКБ полицейлері бірден іске кірісті. Содан түнгі сағат 01:30 шамасында Майлин көшесінде MATIZ маркалы көлікті тоқтатты.

Көліктегі жолаушының бірі күдікті болып шықты. Одан әрі полицейлер жолаушыға тінту жүргізіп, одан қару, яғни тапанша мен 4 дана оқ, 1 дана күкірт қорапшасына салынған "марихуана" есірткісіне ұқсас затты тауып, тәркілеп алды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, бұл жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелген.

"Куәлар қатыстырылып алынған қару, травматикалық тапанша екені белгілі болды. Сараптама тағайындалды. Бүгінде күдікті жолаушыға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети