19 қараша 2020 10:45

Түркістан облысында туыстарының атынан кредит алған алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында туыстарының атынан кредит алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында туыстарының атынан кредит алған алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Ордабасы АПБ-не туыс апалы-сіңлілі екі жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдердің айтуынша бейтаныс адам олардың атынан онлайн-несие алған.

Тұрғынның бірі өзге біреу атынан 5 бірдей микрокредит ұйымдарынан 350 000 теңгедей несие алғанын жеткізсе, келесі тұрғынның атынан 3 банктен 100 000 теңгеден астам несие алынғанын көрсеткен. Бір жылда берешегі көбейіп, банктен хабар келгенде тұрғындар тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек сұраған. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелді.

"Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Ордабасы ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты мекенжайы Шымкент қаласынан ұстады. Ол жәбірленушілердің туыс сіңлісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші былтыр туыс әпкелеріне хабарласып, қарыз таныстары ақша тастайтынын, сол үшін банк карталарының кодтары мен жеке куәліктерінің мәліметтерін суретке түсіріп жіберуді сұраған. Содан туысына сенген жәбірленушілер ол сұратқан ақпараттарды береді. Осы арқылы күдікті онлайн-несие алуға өтініш тастап, несие рәсімдеген", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, күдікті кінәсін толық мойындап отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети