23 қараша 2021 11:52

Түркістан облысында зергерлік бұйым сатушы алаяқтың құрбаны болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

elements.envato.com elements.envato.com

Түркістан облысының полицейлері 49 миллион теңгенің алтын бұйымын иемденген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.  


Түркістан облысының полицейлері 49 миллион теңгенің алтын бұйымын иемденген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.  

Жетісай АПБ кезекші бөліміне зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын жергілікті тұрғын алданып қалғаны туралы өтініш білдірді. Жәбірленушінің айтуынша, ол тауарды көтерме бағамен сатып алған бейтаныс әйелмен ауызша келісім жасасқан.

Үш ай бойы танысы одан алтын бұйымдар алып, сенімге кіріп, ақшаны кейінірек беруге уәде берген. Алайда алаяқ тауар үшін төлем жасамай, жоғалып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 49 миллион теңге болады. Бұл деректі полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеген.

Жетісай АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті, соның ішінде куәгерлер тергелді. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде жедел уәкілдер жергілікті тұрғынды ұстады.

Жәбірленушіден алаяқтық жолмен ұрланған алтын әшекейлер Жетісай ломбардтарының бірінде болған, ал қылмыскер ақшаны өз мұқтаждықтарына жұмсаған.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай айғақ ретінде тәркіленген зергерлік бұйымдарды полицейлер заңды иесіне қайтарып берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети