26 қаңтар 2023 13:38

Түркістан облысындағы 600 мың теңгеге қалыңдық сатып алу ісі: тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында ер адам 15 жастағы қызды алып қашқан. Полиция осы іс бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында ер адам 15 жастағы қызды алып қашқан. Полиция осы іс бойынша соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент тұрғынының кәмелетке толмаған қызын үйлену мақсатында алып қашқаны туралы арызына қатысты Жетісай ауданының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша соталды тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ол қыздың танысы болып шыққан. Алайда анасы келіспей, қызды жігіттің үйінен Шымкентке алып кеткен. Сараптама тағайындалды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл істі Түркістан облысы ПД бақылауына алған.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында ер адам 15 жастағы қызды алып қашқаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети