21 шілде 2020 14:53

Түркістан облысының тұрғынының үйінен өсімдік тектес есірткі заты бар пакет табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nebolet.com © nebolet.com

Түркістан облысының полицейлері есірткі өсірген және сақтаған күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысының полицейлері есірткі өсірген және сақтаған күдіктіні қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтау жайтын анықтап, жергілікті тұрғынның үйінен табылған қарасора егістігін жойды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен өсімдік тектес есірткі заты бар пакет табылды.

Сонымен қатар, жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде, оның бақшасынан қарасораға ұқсас төрт түп есірткі затын тапты. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде алынған есірткілерді сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, олар жалпы салмағы 550 граммнан асатын "кептірілген марихуана" және "қарасора" түптері болып шықты.

Аталған жайт Бәйдібек аудандық ПБ-не ҚР ҚК-нің екі бабы: 296-бап "Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз қолдану" және 300-бап "Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліліп жатыр. 

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен күдіктінің үйінде есірткіні қандай мақсатпен сақтағаны және өсіргені анықталып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети