17 наурыз 2021 11:38

Түркістандағы бес адамның өлімі: күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Түркістанда газдан уланып қаза тапқан бес адамның өліміне күдікті ретінде газ жабдығын орнату фирмасының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.


Түркістанда газдан уланып қаза тапқан бес адамның өліміне күдікті ретінде газ жабдығын орнату фирмасының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

2021 жылы ақпанның соңында Түркістандағы жеке үйлердің бірінен бес адамның денесі табылды: әйел және төрт бала. Оларға иіс тиген.

Жақында полиция қызметкерлері бір отбасының 5 мүшесінің өліміне қатысты күдіктіні ұстады.

"Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікпен Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды. Ол газ жабдықтарын орнату фирмасының директоры. Тергеушілер ер адамның қайғылы жағдайға қатысы барын дәлелдеді. Күдіктілердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Нұрмахан Жалғасов.

Түркістан облысы ПД тергеу басқармасы ҚР ҚК-ның 306-бабы "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Түркістанда жеке үйде улы газдан 2004, 2006, 2013 және 2016 жылы туған балалар мен олардың 1980 жылғы анасы қайтыс болды. Әкесі қайғылы оқиға кезінде Шымкентте емделіп жатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети