05 наурыз 2018 16:36

Туыстарының көзінше әйелін өлтірген қостанайлыққа қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 30 жылдан аса уақыт бірге тұрған әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 30 жылдан аса уақыт бірге тұрған әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға былтыр 23 мамырда шамамен сағат 00.30-да Қостанай ауданы Затобольск ауылында болған.

Іс-материалдарына қарағанда, ер адам әйеліне төрт рет пышақ салған. Сол сәтте айғайдан басқа бөлмеде жатқан баланың оянып кеткені айтылады. Нәтижесінде әйелі оқиға орнында қаза болған. 

Психологиялық-психиатрлық сараптаманың қорытындысы ер адамның психикалық тұрғыдан дені сау емес екенін көрсетті.

"Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп таныды. Оның қабілетсіз халде екені анықталды", - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Соттың үкімімен ер адам мамандандырылған психиатрлық стационарда ем алуға мәжбүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети