19 сәуір 2022 11:05

Тыңшылық және мемлекетке опасыздық жасады деген күдіктілер ұсталды - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Иллюстрация

ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігіне іліккен адамдар тобын, оның ішінде шетел азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады.

ҚР ҚК-ның 175-бабы 1-бөлігі ("Мемлекетке опасыздық жасау"), 176-бабы ("Тыңшылық") және 185-бабы 3-бөлігі ("Мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету") бойынша қылмыстық істер қозғалды", - делінген хабарламада.

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық істердің "Құпия" белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети