24 ақпан 2020 18:47

ҰҚК Ақтау әуежайында үш қазақстандықты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшердегі героинмен есірткі тасымалдаушылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшердегі героинмен есірткі тасымалдаушылар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы ақпанның басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан "героин" есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады, ол ұсталғандардың асқазанында тасымалданған", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың іш құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, тәркіленген, құны 50 миллион теңге болатын оның жалпы салмағы шамамен - 1 келі (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар).

"Осы факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - дейді ҰҚК өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети