25 шілде 2019 | 11:15

ҰҚК Алматыда және Шымкентте арнайы операция жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knb.gov.kz © knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда, Шымкентте және Қызылордада заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда, Шымкентте және Қызылордада заңсыз қару-жарақ сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сегіз Калашников автоматы мен екі тапаншаны алу дерегінің құжаталған. Қару тәркіленді. 


© knb.gov.kz

2019 жылы 18-19 шілдеде Алматы мен Шымкентте қылмыстық топ мүшелерін құрықтау бойынша арнайы операция жүргізілді. Олардың кейбіреулері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар болып табылады және "ұрылар қауымдастығының" өкілдерімен тұрақты байланыста болады", - делінген ҰҚК хабарламасында. 


© knb.gov.kz

Ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде қаруды қолдан құрастыруға және қайта жасауға арналған станок пен құрал-саймандар табылған. 

"Арнайы операция барысында Қазақстан аумағына қару сатумен айналысқан ірі желісі жойылды. Ұсталған адамдар бұрындары сатқан қаруды заңсыз айналымнан алу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.


© knb.gov.kz

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети