11 мамыр 2017 11:04

ҰҚК "Азаматтарға арналған үкімет" төрағасының экс-орынбасарының қандай күдікке ілінгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рашид Аманжолов Рашид Аманжолов

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАК төрағасының экс-орынбасары Рашид Аманжоловтың қай бап бойынша күдікке ілінгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҰАК төрағасының экс-орынбасары Рашид Аманжоловтың қай бап бойынша күдікке ілінгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Рашид Аманжоловқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша - "Пара беру"сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деді ҚР ҰҚК өкілдері Tengrinews.kz редакциясы жолдаған ресми сауалға берген жауабында.

Бірақ қандай пара және қандай сомадағы пара екені айтылмай отыр.

"Тергеу мүддесіне сәйкес осы іске қатысты басқа да мәлімет айту мүмкін емес", - деп айтып өтті ҰҚК өкілдері.

Еске салайық, Астананың Есіл аудандық №2 соты 22 сәуірде Аманжолов Рашид Мәжитұлына қатысты 2 айға қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын таңдаған болатын. Бірақ қалалық соттағылар Рашид Аманжоловтың қандай бап бойынша күдікке ілінгенін хабарламаған еді.

Ал кейінірек Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев бұл мәселемен ҰҚК айналысып жатқанын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети