02 сәуір 2018 21:51

ҰҚК экс-басшысы Дүтбаев Әблязовқа қалай көмектескенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев КТК телеарнасы дайындаған "Звали его Мурка" фильмінің үшінші бөлімінде Мұхтар Әблязовқа қалай көмектескенін айтып берді.  


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев КТК телеарнасы дайындаған "Звали его Мурка" фильмінің үшінші бөлімінде Мұхтар Әблязовқа қалай көмектескенін айтып берді.  

"Аблязов Мұхтар Қабылұлымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тұрғанымда таныстым. Сол кезде Рахат Әлиевпен жағымсыз қарым-қатынасым болды, ал Әблязов Қазақстанның Демократиялық таңдауы лидері болды. Сол кезеңде осындай қозғалыс болған. Әлиевпен жағымсыз қарым-қатынасымды ескере отырып, Әблязовті Рахатпен текетіресімде пайдалануды ұйғардым", - деп әңгімеледі Дүтбаев.

Сонымен қатар, ол Мұхтар Жәкішевпен не жайлы сөйлескенін айтты.

"2003 жылы Жәкішев Мұхтар Еркінұлы (қазақстандық бизнесмен әрі Қазатомөнеркәсіп экс-басшысы - Авт.) хабарласты. Жәкішевпен достық қарым-қатынаста едік. Ол Әблязовті босатып жіберуді дұрыс деп есептейтінін айтты. (...) Ортақ күш жұмылдыра отырып, Әблязовті босаттық", - деді Нартай Дүтбаев.

Телеарна мәліметінше, Әблязов сол кезде Президенттен кешірім сұраған.

ҰҚК экс-басшысы Ержан Тәтішевтің ұялы телефондарына бақылау жүргізуді тапсырғанын мойындап отыр.

"Олардың арасында (Әблязов пен Тәтішевті айтады - Авт.) жанжал шығып, дұшпанға айналды. Сонда Әблязов Тәтішевке қатысты банк активтерін қайтаруға көмектесетін мәлімет жинауды өтінді. Мен келістім, сөйттім де ҚР ҰҚК ААҚ қызметкері Репниковты шақыртып, оған Тәтішевтің ұялы байланыстарына бақылау қоюды тапсырдым", - деді Дүтбаев.

ҰҚК бұрынғы қызметкері Олег Репников қол жеткізілген ақпаратты Алматыдағы төрағаға "жеке" деген желеумен жөнелтіп отырғанын айтты. Тағы бір ҰҚК экс-қызметкері Бекболат Қанғожиннің айтуынша, Тәтішев "банкир" деген лақапатпен бақылауда болған және ол жайлы мәлімет комитет төрағасы Дүтбаевқа баяндалып отырған.

"Бұл мәліметтің ішінде сипаттайтын мәліметтер, қозғалу әдістері, бағыттары, байланыстары, араласатын ортасы, әдеттері болатын. Осындай мәлімет түсіп отыратын, осыны Әблязовке телефон арқылы баяндайтынмын. Сол кезде Тәтішевтің Тоқмәди деген біреумен жақын араласатыны жайлы мәлімет болды. Ол қылмыс әлемінің серкесі болған. Олардың бірге аңға шығатыны жайлы анықталды", - деп атап өтті Дүтбаев.

Оның айтуынша, Тәтішевтің қазасынан кейін "Банк Тұран Әлем" (қазіргі БТА Банк) банкін басқаруға және иелік етуге талас басталған.

"Тәтішевтің әйелі Айтжанова күйеуінің банктегі үлесін алды және өзі банкті басқарғысы келді. Банкте қақтығыстар басталып, сонда Әблязов банкті басқаруда қолдау көрсетуімді өтінді. Бұл істі 4-департаменттің сол кездегі басшысы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына тапсырдым", - деп ашығын айтты бұрынғы төраға.

Дүтбаев Әблязовпен көбінде телефон арқылы сөйлескенін және кейде Skype-ты қолданғанын айтты.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети