21 қаңтар 2020 13:34

ҰҚК елордада қылмыстық топтың мүшесін ұстады - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

© knb.gov.kz © knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың белсенді мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында қылмыстық топтың белсенді мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылғы 15 қаңтарда ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаменті ҰҚК "А" АрнМақ күштерін тарта отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабы ("ТҚҚ әрекетін қаржыландыру") бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қылмыстық топтың белсенді мүшесі "С" деген Әзербайжан Республикасының азаматын ұстады.

Көрсетілген адам Түркиядағы трансұлттық қылмыстық қоғамдастық жетекшілеріне ақшалай қаражат аударумен айналысқан.

Қаржыландыру жергілікті кәсіпкерлерден қорқытып алу жолымен алынған қаражаттан жүзеге асырылған. Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, 2019 жылғы 10 қыркүйекте елордада арнайы операция жүргізілген болатын, оның барысында көрсетілген топтың жетекшісі мен мүшелері ойдан шығарылған борыш есебінен қорқытып алу нәтижесінде кәсіпкерден "Toyota" маркалы автомашинаны алғаннан кейін қылмыс үстінде ұсталған.

Ұстау кезінде фигуранттардан "Макаров" жауынгерлік тапаншасы мен оған 11 ок және 5 оғы бар травматикалық тапанша тәркіленді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети