ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері "Ағайынды төртеу" ұйымдасқан қылмыстық тобының лидері делінген Еркін Ізбасардың уақытша ұстау изоляторында өз-өзіне соққы жасағаны көрсетілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Ізбасар Ақтөбеде мұнай ұрлады деп айыпталып жатыр.

"2016 жылдың 9 желтоқсанында криминалистикалық сараптама өткізу үшін күдіктінің саусақ іздерін алуға қаулы шығарылды. Қаулымен танысқаннан кейін Ізбасар адвокаттың көзінше бұл процедурадан өтуден бас тартты. ҚР ҚПК-ға сәйкес, қажетті үлгілерді мәжбүрлі түрде алуға қаулы шығарылды. Бұл міндет Ақтөбе облыстық жазаны Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің КА-168/1 мекемесі қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілдері.
Видеоны ҰҚК өкілдері Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында ұсынды
ҰҚК мәліметінше, мекеме қызметкерлері саусақ іздерін алып жатқан кезде Еркін Ізбасар өзін-өзі ұрып-соққан.
"12 желтоқсанда КА-168/1 қызметкерлері саусақ іздеріп алып жатқан кезде Ізбасар қарсылық танытып, осыдан кейін өзіне дене жарақатын салды. Осыған байланысты Ақтөбе қалалық ІІБ Сазды аудандық полициясының кезекші жасағы шақыртылып, бұл дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде "Билік өкіліне бағынбау" бабы бойынша тіркелді", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.
Еске салайық, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді.