09 қаңтар 2023 08:47

ҰҚК мен ІІМ арнайы операция жүргізді: ірі есірткі зертханасы жойылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы облысында ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, зертхана ІІМ мен ҰҚК бірлескен арнайы операциясы барысында анықталып, жойылған.

Ауқымды синтетикалық есірткі өндірісін жолға қойған күдікті 7 қаңтарда ұсталған. Есірткі зертханасын тінту барысында 30 келі "мефедрон" психотроптық заты және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реактивтер табылып, тәркіленді.

"Арнайы операция сәтті жүзеге асу үшін прокуратура органдарының келісімі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткі өндірісіне қажет жабдықтарды жеткізу арналары және басқа да сыбайластарды анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети