ҰҚК мен полиция екі қалада арнайы операция жүргізіп, 10 адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК мен полиция екі қалада арнайы операция жүргізіп, 10 адам ұсталды Видеодан алынған кадр

Павлодар облысында полиция қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп арнайы операция жүргізді. Оның барысында бірқатар бопсалау деректеріне қатысы бар деп күдіктелген топтың әрекетіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Арнайы операция барысында Ақсу және Екібастұз қалалары аумағында бірнеше рет бопсалау қылмысын жасады деп күдікке ілінген адамдар тобының заңсыз әрекеті әшкереленді.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер азаматтарды қорқытып-үркіту арқылы олардан жүйелі түрде ақша талап еткен. Зардап шеккендердің қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлері бар.

Жүргізілген тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, банк карталары, құжаттар және қылмыстық іс үшін дәлелдемелік маңызы бар өзге де заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілер пайдаланған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

"Бопсалау деректері бойынша қылмыстық істер тіркелді. Полиция органдарына 10 адам жеткізіліп, олардың төртеуіне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", – деді Павлодар облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Диас Қадыров.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +28
Ақтау +30
Ақтөбе +34
Атырау +33
Б
Балқаш +31
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +29
К
Көкшетау +30
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +30
П
Павлодар +26
Петропавл +30
С
Семей +34
Т
Талдықорған +32
Тараз +37
Түркістан +27
О
Орал +31
Ө
Өскемен +34
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер