24 ақпан 2023 10:26

ҰҚК: Тәжікстанның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Тәжікстанның алты азаматы Қазақстан аумағында уақытша тұруға ықтиярхат туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің жалған мөрлері басылған төлқұжаттармен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК шекара қызметі шетелдік азаматтардың жалған құжат пайдалану деректерін тіркеуді жалғастырып жатыр.

"2023 жылғы 22 ақпанда Алматы халықаралық әуежайы мен Павлодар облысының "Шарбақты" өткізу бекетінде Тәжікстан Республикасының алты азаматы ұсталды. Төлқұжаттық бақылауды жүзеге асыру барысында осы азаматтардан Қазақстан аумағында уақытша болуға рұқсат беретін жалған куәліктер мен шекарадан өту туралы Шекара қызметінің жалған мөртаңбалары бар төлқұжаттары бар екені анықталды", - делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты іс жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети