Үндістанда Қазақстан азаматшасын зорлады делінген күдікті қамауда отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда Қазақстан азаматшасын зорлады делінген күдікті қамауда отыр © REUTERS

Үндістанда Қазақстан азаматшасын зорлады делінген күдікті қамауда отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Еске сала кетейік, оқиға 2015 жылы наурызда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үндістанда Қазақстан азаматшасын зорлады делінген күдікті қамауда отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер хабарлады. Еске сала кетейік, оқиға 2015 жылы наурызда болды.

"Қолда бар мәліметтер бойынша, Қазақстан азаматшасын зорлауға қатысты қозғалған істің тергеуі жалғасып жатыр. Бұл қылмысқа қатысы бар адам қамауда отыр. Бұл мәселе Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің қатаң бақылауында. Басқа мәлімет жоқ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Делидің үш тұрғынының Қазақстан азаматшасын топ болып зорлағаны үшін ұсталғаны хабарланған еді. 27 жастағы қыз Үндістанға іскерлік сапармен келген. Ол бұл елде бұған дейін де бірнеше рет болған.

Оқиға 12 наурыз күні болды. Жәбірленушінің айтуынша, ол Делиге сол күні кешкісін келіп, Карол Багх қаласының орталық ауданындағы отельге орналасады. Сағат 22.00-де ол кешкі ас кезінде екі жігітпен танысады. Жігіттер қызға сол аудандағы басқа отельге барып, іскерлік мәселелерін талқылау үшін үшінші серіктеспен кездесуді ұсынады. Қыз келіседі. Екі ер адаммен басқа отельдің бөлмесіне келгеннен кейін қыздың айқайлаған дауысы естіледі. Отель қызметкері жүгіріп келген кезде жәбірленуші ер адамдарды өзін зорлауға әрекеттенді деп айыптады. Бұл іс бойынша үшінші күдікті ретінде таксист жауапкершілікке тартылды, Қазақстан азаматшасы оған да кінә артып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети