16 наурыз 2015 13:57

Делидің үш тұрғыны Қазақстан азаматшасын зорлады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Делидің үш тұрғыны Қазақстан азаматшасын топ болып зорлағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды The Times of India. Ақпарат құралының мәліметінше, 27 жастағы қыз Үндістанға іскерлік сапармен келген. Ол бұл елде бұған дейін де бірнеше рет болған. 


Делидің үш тұрғыны Қазақстан азаматшасын топ болып зорлағаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды The Times of India. Ақпарат құралының мәліметінше, 27 жастағы қыз Үндістанға іскерлік сапармен келген. Ол бұл елде бұған дейін де бірнеше рет болған. 

Оқиға 12 наурыз күні болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол Делиге сол күні кешкісін келіп, Карол Багх қаласының орталық ауданындағы отельге орналасады. Сағат 22.00-де ол кешкі ас кезінде екі жігітпен танысады. Жігіттер қызға сол аудандағы басқа отельге барып, іскерлік мәселелерін талқылау үшін үшінші серіктеспен кездесуді ұсынады. Қыз келіседі. Екі ер адаммен басқа отельдің бөлмесіне келгеннен кейін қыздың айқайлаған дауысы естіледі. Отель қызметкері жүгіріп келген кезде жәбірленуші ер адамдарды өзін зорлауға әрекеттенді деп айыптады. Бұл іс бойынша үшінші күдікті ретінде таксист жауапкершілікке тартылды, Қазақстан азаматшасы оған да кінә артып отыр. Бұл оқиға жөнінде Қазақстан елшілігіне хабар берілген. 

Айта кетейік, Үндістанның ақпарат құралдары мұндай оқиғалар туралы жиі хабарлап жатады. 2013 жылдың қыркүйегінде төрт ер адам 23 жастағы студент қызды топ болып зорлағаны үшін айыпталған еді. Оқиғаның өзі 2012 жылдың желтоқсанында болды. Тергеудің мәліметінше, алты жігіт автобуста бір қызды зорлаған. Жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Айыпталушылардың бірі асылып қалған күйі табылды. Төртеуі өлім жазасына кесілді, бірақ сотталушылар үкімге қарсылық келтіргендіктен жазаны орындау кейінге қалдырылды. Алтыншы күдікті кәмелетке толмағандықтан оның ісі бөлек қаралды.  

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети