Мақсат Үсеновтің үстінен сотқа тағы бірнеше әкімшілік іс түсетін болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.
Мақсат Үсеновтің үстінен сотқа тағы бірнеше әкімшілік іс түсетін болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.
2013 жылы BMW X6 көлігімен алты жаяу жүргіншіні қағып, 2018 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған Мақсат Үсенов тағы да жол-көлік оқиғасын жасады. Бұл жолы, 2014 жылдың 15 қарашасында ол Mercedes автокөлігімен қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 38 жастағы әйел басқарып келе жатқан Toyota RAV4 көлігімен соғысты. Басынан жарақат алған әйел №7 ауруханаға жеткізіліп, сол күні шығарылды.
Ешімет сот отырысында куәгердің жол-көлік оқиғасынан кейін Мақсат Үсеновтің жолаушы орындығына ауысып отырғанын мәлімдегенін айтты. Ер адам жол апаты кезінде Гагарин көшесі бойында тұрған автокөлікте болған. Ешіметтің айтуынша, куәгер судьяға жол-көлік оқиғасы жайлы егжей-тегжейлі, нақтырақ айтсақ Мақсат Үсеновтың қарсы бағыттағы жолға шығып кеткенін айтып берді. "Куәгер бірден автокөліктен шығып басқаруында ер адам отырған Mercedes көлігіне жақындады, ал жолаушы орындығында қыз отырды. Содан кейін ол көмек көрсету үшін Toyota автокөлігіне жақындады. Полиция қызметкерлерін шақырып, қайтадан Mercedes көлігіне келгенде рөлде отырған ер адамның артқы орынға ауысып алғанын байқады. Ол рөлде Мақсат Үсенов отырғанын сенімді түрде айтты. Өзге жолаушылар болмады", - деді Ешімет.
Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысының айтуынша, жол-көлік оқиғасы куәгерінің сөзін сот барысында Мақсат Үсеновпен бірге отырған қыз да растады. Ешімет сотталушының өз кінәсін мойындамайтынын жеткізді. "Ол Mercedes көлігін жол қағазы жазылған Тимур Күншуақов отырғанын айтты. Ал өзі артқы орында отырғанын айтты. Сол азаматтың сот отырысына қатысып отырғанын айтып, одан жауап алуын өтінді. Бірақ Күншуақов сот отырысында жоқ болып шықты", - деді Ешімет.
Сонымен бірге, Үсеновтің дәрігерлік куәландырудан өтуден бас тартқаны анықталып, ол үшін сот оны жазалады. "Бұл құқық бұзушылықты жасауда Мақсат Үсеновтің кінәсі дәлелденді. Сот оны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 471 бабы жетінші бөлімі "Ішкі істер орган қызметкерлерінің талабын орындамау ... алкоголь, есірткі және (немесе) токсикомандық мастық жағдайына тексерілу жөніндегі дәрігерлік куәландырудан жалтару" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 20 күнге әкімшілік жауапкершілікке тартуға қаулы етеді. Бұл ең ауыр жаза", - деп келтірді Ешімет судьяның сөзін."Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ең жоғарғы жазасы қолданылды. Ақпан айында болған жол көлік оқиғасынан сот оны 45 тәулікке қамады, бұл да ең жоғарғы жаза болған еді. Көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі ұзартылды. Содан кейін ақпан айының ортасында тағы бір іс қаралды. Сот көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімін тағы да бір жылға ұзартты. Заң алдында бәрі тең. Сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне негізінде жазалады", - деді ол.
Баспасөз хатшысының айтуынша, қазір Мақсат Үсенов дәрігерлік куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін ғана жазаланды. "Бұл - тек бірінші материал. Тексеру жүргізіліп жатыр. Әкімшілік сотқа тағы да істер түседі", - деді ол. Ешіметтің айтуынша, Mercedes көлігі құрылыс компаниясына тіркелген.