29 сәуір 2022 15:42

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамау мерзімі ұзарды

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу сотының қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шерниязов пен Төребаевқа қатысты күзетпен ұстау мерзімін 2 ай мерзімге ұзартуға санкция берілді", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 күнге қамауға алынғаны хабарланған болатын. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Mudarabah Capital ісі бойынша күдікті вайнерлер неге қамауға алынбағанын түсіндірген болатын. Оның сөзінше, бүгінде 169 жәбірленуші бар, келтірілген залал мөлшері 2 миллиард теңгедей. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылған, оның ішінде танымал вайнерлер мен блогерлер де бар. Алтауы қамауда, ал вайнер Мейіржан Төребаев кепілзат кепілімен болған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети