14 қазан 2020 | 18:17

"Видеоға түсірген". Алматылық әйелді зорлады деген екі күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Ер адам мен әйел алматылықты зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Не молчи" қорына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ер адам мен әйел алматылықты зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Не молчи" қорына сілтеме жасап.

Facebook-те жазба жарияланды. Онда зорлық-зомбылық дерегінің қайда болғаны жазылған.

"Әйелді (33 жаста) құрбысы (48 жас) қонаққа шақырған. Ол әйелге болашақ күйеуімен таныстырғысы келетінін айтқан. Олар ұзақ уақыт таныс болыпты. Сондықтан күдік болмаған. Шамамен кешкі сағат 5-те пәтерге барған. Кейін оның жалға алынғанын білген.

Олар бұл оқиғаны атап өткен. Кенеттен әйелдің мазасы болмай, есінен танып қалған. Ол әрі қарай не болғанын нақты білмейтінін айтады. Тек ұрып-соғып, зорлағанын, бірдеңе ішуге мәжбүрлегенін есіне түскенін айтады. Кейін әйелдің 2 сағат зорланғаны және бұл жағдай ұялы телефонның камерасына жазылғаны анықталған", - делінген жазбада.

"Не молчи" қорының мәліметінше, жәбірленуші оның "досы" бір жерде кетіп қалған кезде қашып үлгерген. Ол жақын туысының үйінде жасырынған. Әйелдің туысы осы тұрғын үйдегі басқа қабатта тұрған. Ал ертеңінде зардап шегуші полиция шақырған.

"Полиция оқиға орнында келгенде күдікті әлі пәтерде болған. Ол қатты ұйықтап жатқан. Сараптама барысында жәбірленушінің жыныс мүшесінің қатты зақымданғаны, денесінде көгерген іздер бары анықталған. Әйел отыра да, жүре де алмай қалған. Ол әлі күнге дейін дәретті ұстай алмау жағдайына ұшыраған, ота жасатуға мәжбүр.

Полиция жәбірленушінің зорланғаны туралы видеоны тапқан. Тіпті, оны зорлаған кезде бөгде заттарды пайдаланған. Ер адам зорлап, құрбысы оны видеоға түсірген. Видеодан зорлау барысында жәбірленушінің аузына есірткі немесе алкогольдік құрамы бар түсініксіз сұйықтық құйылғаны анықталған", - делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді. Аталған факт бойынша арыз Түрксіб аудандық полиция басқармасына келіп түскен.

"Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодекстің "Зорлау" және "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" деген екі бап бойынша тіркелген. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 1974 жылы туған ер адам, Өзбекстан Республикасының азаматы сол күні ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезеңінде соттың санкциясымен күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалды", - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, тиісті сараптама тағайындалған. Оның нәтижесі бойынша қылмыстық іс аясында процессуалды шешім қабылданады. Бұл іс Алматы қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети