15 қазан 2020 12:30

"Видеоға түсірген". Бас полицей алматылық әйелдің зорлануына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов алматылық әйелдің зорлануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов алматылық әйелдің зорлануына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қылмыс жасалғаннан кейін келесі күні күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қазір барлық сараптама тағайындалды. Осы сараптамалардың нәтижелерін алғаннан кейін біз қосымша баптар бойынша іс қозғау жөнінде шешім қабылдаймыз", - деді ол.

"Әйелге келетін болсақ, біріншіден, олар құрбылар, бірге ішімдік ішкен. Бұрын олар Өзбекстанда тұрған. Ұсталған ер адам да Өзбекстан азаматы. Біз ешкімді қылмыстық жауапкершіліктен жасырмаймыз. Мен сізге ресми түрде мәлімдеймін. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бейнематериалдарды зерттейміз, біздің жедел қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Қосымша мәлімет береміз", - деді Таймерденов.

Еске салайық, мұның алдында ер адам мен әйелдің алматылықты зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. "Не молчи" қорының мәліметінше, жәбірленуші оның "досы" бір жерде кетіп қалған кезде қашып үлгерген. Ол жақын туысының үйінде жасырынған. Әйелдің туысы осы тұрғын үйдегі басқа қабатта тұрған. Ал ертеңінде зардап шегуші полиция шақырған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети