Виктория Ганяны өлтірді деп айыпталған адамның тағы төрт құрбаны бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Ганяны өлтірді деп айыпталған адамның тағы төрт құрбаны бар ©Tengrinews.kz

Жеті жастағы Виктория Ганяны өлтірді деп топшыланған азамат тағы бірнеше ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр, соның ішінде, ол тағы төрт адамды өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап. Еске сала кетейік, Виктория Ганя 2014 жылдың сәуір айында ұрланып, өлтірілген еді.

Соттың қарауына аса қатыгездікпен бірнеше ауыр қылмыс жасады деп айыпталған 1983 жылы туған азаматқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2011-2014 жылдар аралығында ол бес ұрлық жасаған, кәмелет жасқа толмаған баланы ұрлап, екі баланы зорлаған және төрт кісіні өлтірген. Оған қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша айып тағылды.

Еске сала кетейік, оқушы қызды Рудный қаласында сәуір айының аяғында белгісіз біреу ұрлап әкетті. Бір айдан кейін зорлау белгілері бар оның өлі денесі қала сыртынан табылды. Кейін полиция оның өліміне күдікті 19 жастағы мүгедек Владимир Пыжов екенін хабарлады. Ол 18 шілдеде тұтқындалды. Сол кезде прокуратура өкілдері оның кінәсін мойындағанын мәлімдеді.  

Кейін прокуратура қыздың өліміне басқа бір адамның күдікті екенін хабарлады. Бастапқыда ол ұрлық жасады деп айыпталған, кейін жеті жастағы Виктория Ганяны өлтіргенін айтқан. Оған қатысты қылмыстық іс желтоқсанда сотқа жіберілді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети