24 қазан 2014 12:32

Виктория Ганяны өлтіруі мүмкін тағы бір күдікті пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктория Ганя Виктория Ганя

Виктория Ганяны өлтіруі мүмкін тағы бір адам 2014 жылдың шілдесінен бері қамауда отыр, - деп хабарлайды "Наша газета". Әуеліде ол ұрлық жасады деп айыпталған, кейін жеті жастағы Виктория Ганяны өлтіргенін мойындаған. Бұл ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады.


Виктория Ганяны өлтіруі мүмкін тағы бір адам 2014 жылдың шілдесінен бері қамауда отыр, - деп хабарлайды "Наша газета". Әуеліде ол ұрлық жасады деп айыпталған, кейін жеті жастағы Виктория Ганяны өлтіргенін мойындаған. Бұл ақпаратты Қостанай облысының прокуратурасы растады.

Прокуратура өкілі толық ақпаратты іс сотқа берілгеннен кейін ұсынатынын айтты. "Наша газета" бейресми мәлімет бойынша Виктория Ганяны өлтірді деп айыпталып отырған 31 жастағы адамның бұрын бірнеше рет сотталғанын хабарлайды. 

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары 19 жастағы мүгедек Владимир Пыжовқа қыз баланы өлтірді деген күдік келтірілгенін хабарланған болатын. Ол 18 шілдеде ұсталды. Прокуратура өкілдері оның өз қылмысын мойындағанын айтты. Енді қадағалаушы ведомство өкілдері Пыжовтың кісі өлтіруге қатысы жоқ екенін, ол тек "өзіне жұрт назарын аударғысы келгенін" айтып отыр. Еске сала кетейік, о баста күдіктіге "ақыл-есінің жеңіл деңгейде артта қалуы" деген диагноз қойылған болатын. Бірақ кейін оның ақыл-есінің дұрыстығы анықталды.

Рудныйдағы Виктория Ганя 24 сәуір күні жоғалып кеткен еді. Сол күні "Адам ұрлау" бабымен қылмыстық іс қозғалды. 25 сәуір күні іс "Кісі өлтіру" бабына ауыстырылды. Қыздың денесі 22 мамыр күні Рудный - Тобыл тас жолынан алыс емес жердегі ғимараттан табылған болатын. Қазіргі уақытта кісі өлтіру және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық әрекеттері бойынша екі қылмыстық іс тергеліп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети