YouTube желісіндегі видео полицейге айыппұл салуға себеп болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©YouTube желісінен алынған кадр ©YouTube желісінен алынған кадр

YouTube желісіндегі видео полицейге айыппұл салуға себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

YouTube желісіндегі видео полицейге айыппұл салуға себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, полиция қызметкері жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жазаланды. Оның ереже бұзғанын автожүргізуші видеоға түсіріп алған.

Видеороликке жазылған сипаттамада өзін Ахметов деп таныстырған автор тәртіп сақшысының қызметтік көлігінің соңынан келе жатып, полицейдің тарапынан жол қозғалысы ережесінің үш мәрте бұзылғанын көргенін айтады.   

"YouTube желісіндегі видеода автожүргізуші полицей автокөлігінің жол қозғалысы ережесін бұзғанын тіркеген. Осы дерек бойынша, қызметтік тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша, Павлодар ішкі істер басқармасының автомобильді жүргізген полиция сержанты "Маневр жасау ережесін бұзу" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК, яғни 9910 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Сәуле Мусинова. Полиция өкілдері жол ережесін бұзған қызметкердің өз кінәсін толықтай мойындағанын айтты.

Айта кетейік, видео YouTube ресурсында осы жылдың 20 наурызында пайда болды. "S 166 KP мемлекеттік номері бар полицей автомобилінің соңынан Димитров көшесінен Павлов көшесі арқылы Катаев көшесіне дейін жүріп отырдым. Барлық үш бұрылыста полицейдің автокөлігі тарапынан бұрылыста жағатын белгі жанбады. Суворов көшесінен Катаев көшесіне қарай соңғы бұрылысында ғана түсіріп үлгердім", - деді Павлодар тұрғыны.

Интернетке жүктелген видео арқылы жол ережесін бұзған полицейлерге айыппұл бірінші рет салынып отырған жоқ. Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтауда көлігін тыйым салынған жерге қойған полицейге айыппұл салынғаны хабарланған болатын. Ереже бұзған тәртіп сақшысына қатаң сөгіс жарияланып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro