10 маусым 2024 09:15

Заңгерлер, адвокаттар және нотариус: Қарағанды ​​облысында "қара риэлторлар" ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz. Фото: polisia.kz.

Мамырда Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "қара риелторлар" деп аталатын топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Мамырда Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "қара риелторлар" деп аталатын топтың заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Топ құрамына заңгерлер, адвокаттар және нотариус кірген. Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан.

Осылайша олар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. Қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктив діни ағымның жақтаушысы болған.

"3 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Қылмыстық топтың 28 мүшесі ұсталды. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети